Коронавирусқа байланысты сараптама алынып, қорытындысы теріс нәтиже берген болатын
Алматыда COVID-19 жұқтырған әйел аман-есен босанды, деп хабарлайды Almaty.tv. 13 сәуірде әйел жүктіліктің 39-аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болғаннан кейін №1 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Коронавирусқа байланысты сараптама алынып, қорытындысы теріс нәтиже берген болатын. 15 сәуірде дәрігерлер сараптама қорытындысы бойынша оған кесір тілігі жасалып, босанған.
«Нәтижесінде 3,5 келі асатын бала өмірге келді. Бұл – науқастың екінші босануы. Бұл науқастың бүгінгі таңда жағдайы қанағаттанарлық. Жаңадан туған баланың талдауы теріс нәтиже көрсетті. Сондықтан баланың дені сау деп есептеледі. Қазір ол бала балалар бөлімшесінде жатыр. Ансының жай-күйі жақсы. Жақын арада инвекциялық стационарға ауыстырлады. Анасы жазылып шыққан соң өзінің баласымен бірге болады», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.
Сондай-ақ, басқарма басшысы Алматыда коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне үстемеақы берілгенін жеткізді. Онлайн брифинг барысында Тілеухан Әбілдаев кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында дәрігерлер үстемақы алмады деген ақпаратты жоққа шығарды.