Сөз соңында Ж. Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында соңғы эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша азаматтардың 90%-ы коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болуы екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұрынғыдай қоғамдық орындарда жұқтыру қаупінің жоғары - 49%, отбасыларда - 22%, ал қоғамдық көлікте - 18%.
Көбінесе 20 мен 40 жас аралығындағы азаматтардың - 33%, 40 пен 60 жас аралығындағы азаматтардың - 28%, ал 60 жастан асқандардың 25% жиі ауырады. Осы жас санатындағы азаматтар барлық науқастардың 86%-ын құрайды.
Ж. Бекшин қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды: жабық бөлмелер мен адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде тағуды, сондай-ақ сапарға жиі шығудан, адам көп жиналатын бұқаралық іс-шараларға барудан аулақ болуды ескертті. Аурудың алдын алудың маңызды шарасы – гигиена, әсіресе қолды таза ұстау.
Сөз соңында Ж. Бекшин қала тұрғындарын белсенді түрде вакциналануға шақырды. Ол адамдардың қауіпті инфекциядан қорғайтын вакцина алмаса, аурудың азаймайтынын атап өтті.