Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам тіркелді. Төртеуі де Ресейден келген, деп хабарлайды Алтайньюс.
1957 жылғы зейнеткер Новосибирск қаласынан Өскеменге, 1991 жылғы ер азамат Горняк қаласынан Семейге, 1992 жылғы әйел адам 2012 жылғы қыз баласымен Владивосток қаласынан Алматы облысына өтпек болған. Жолаушылардан ПТР диагностикалық зерттеуі алынғаннан кейін COVID-19 диагнозы расталды. Науқастар Шемонайха ауданында карантинге жатқызылды.
Алдын ала жүргізілген эпидемиологиялық тергеу бойынша науқастармен байланыста болған 3 адам және 1 ауру ошағы анықталды. Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
Айта кетейік, ШҚО-да бүгінге дейін вирус жұқтырған 66 адам тіркелді.