Алматыда жаппай вакцинациялау қашан басталады – Сағынтаев жауап берді

Алматыда жаппай вакцинациялау қашан басталады – Сағынтаев жауап берді
Алматы әкімі онлайн-брифингте бір күн бұрын қалаға коронавирусқа қарсы вакцинаның 21 мыңнан аса дозасы келгенін хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бақытжан Сағынтаев Алматыда халықты жаппай вакцинациялау қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы әкімі онлайн-брифингте бір күн бұрын қалаға коронавирусқа қарсы вакцинаның 21 мыңнан аса дозасы келгенін хабарлады. Б. Сағынтаевтың айтуынша, сәуірде 250 вакцинация орнын ашу жоспарланып отыр.

«Біз вакцинация бойынша жұмысты наурызда (вакцинаның алғашқы дозасы келді. - автор) бастадық, бұл – дәрігерлер, педагогтер және полиция қызметкерлері. Біздің қаламызда 34 мың педагог – мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері және колледж оқытушылары бар. Бірақ бұл ерікті түрде ғой. Қазір қалада емханаларда 55 орын жұмыс істейді. Алғашқы күндері 2-3 мың адамнан өткіземіз деп болжап отырмыз», – деді Сағынтаев.

Ол сәуір мен маусым аралығында Алматы қосымша шамамен 750 мың доза вакцина алатынын айтты –  ай сайын 250 мың дозадан.

«Жалпы, вакцинация әдеттегі өмірге оралуға және карантин шектеулерін біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. Вакцинация – аурудың алдын алудың ең сенімді, тиімді шарасы, яғни вакцина емдемейді, қорғайды», – деді Бақытжан Сағынтаев.

Новости партнеров