Парацетамол дәріханаларға келіп түсті – Бюрабекова

01.07.2020 20:19

Людмила Бюрабекова дәрілердің бағасы шекті деңгейден көтерілген жағдайда әкімшілік жаза қоланылатынын айтты

360tv.ru

Ал дәріхана сөрелерінен жоғалып кеткен парацетамол препаратының мәселесі жуырда шешілмек. Аталған дәрі Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары және Қарағанды облыстарына жеткізіліп, дәріханаларға тапсырылып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вице-министр Қазақстанда парацетамолдың 80 түрі барын атап өтті. Ол таблетка күйінде де, сироп және свеча күйінде де сатылып жатқанын еске салады. Сондықтан ел тұрғындарына алаңдауға еш негіз жоқ.

«Елдегі дәріханалардан кейбір препаратты халық жаппай сатып алып кетті. Әсіресе ыстық түсіретін  парацетамол тапшы еді. Бірақ мәселе шешілді. Алматыда қазір тапшылық байқалмайды. Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы дәріханаларда да қолжетімді. Алдағы екі-үш күнде аймақтарға да жеткізілетін болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова.

Вице-министр дәріханаларға вирусқа қарсы препараттардың да жетпей жатқанын айтып өтті. Осындай түйткілдер туындамауы үшін елімізде бір адамға сатылатын дәрі-дәрмектің саны шектелетін болады.

«Біз әкімдіктермен және бөлшектік сауда желілері қауымдастықтарымен меморандум жасадық. Яғни бір адамға препарат 2-3 қаптама күйінде, яғни шектеулі түрде сатылатын болды. Себебі ем-дом курсына дәл сонша препарат керек. Үйде дәрілер босқа жатып қалмауы керек. Себебі олардың әрқайсысының өз жарамдылық мерзімі бар», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова.