Ashyq жобасын қолданған алматылықтар қандай артықшылықтарға ие болмақ

08.06.2021 17:21

КВИ екпесін алған азаматтар қосымшада «жасыл» мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады

kstnews.kz

Вакцина паспорты Ashyq жобасымен бірігеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

КВИ екпе алған азаматтар қосымшада «жасыл» мәртебеге ие болады, сондай-ақ қоғамдық орындарға шектеусіз бара алады.

А. Қошмамбетов 4 маусымдағы жағдай бойынша Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлер саны 1 700-ге дейін өскенін айтты.

«Бұл жалпы ерікті қатысушылардың саны, жоба өзінің халыққа тиімділігін көрсетті. Бизнесмендер жобаға оң баға беріп, оның артықшылықтарын көріп, жобаға қосылғысы келеді»,– деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры.