417-ге жетті: Қазақстанда тағы 4 адам коронавирус індетінен емделіп шықты

20.04.2020 19:12

Қазақстан бойынша жазылғандар саны 417-ге жетті

kaztag.kz

Қазақстанда 417 адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Тағы коронавирус жұқтырған 4 науқас сауығып, ауруханадан шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Қызылорда облысында - 1.

Бүгін сағат 12:30 дейін елімізде жалпы 417 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 180, Алматы қаласында – 84, СҚО – 25, Ақтөбе облысы – 7, Жамбыл облысында -6, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 8, Қарағанды облысында - 12, Шымкент қаласында – 11, Атырау облысында - 21, Батыс - Қазақстан облысында -2, Маңғыстау облысында -2, Ақмола облысында – 18, Қызылорда облысында – 25, Түркістан облысында – 11, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам.