|
16.04.2020 | 12:23
2109

Лондоннан ұшып келген екі жолаушыдан COVID-19 індеті анықталды

Лондоннан Петропавлға 85 студент ұшып келген

Лондоннан ұшып келген екі жолаушыдан COVID-19 індеті анықталды © AFP 2019 / NHAC NGUYEN

Лондоннан Петропавлға ұшып келген екі жолаушыдан COVID-19 індеті анықталды, деп хабарлайды Қазақпарат. 

COVID-19 індетін жұқтырған екі науқаспен 93 адам байланыста болған, оның ішінде 20-сы – жақын қарым-қатынаста болғандар. Олар қосымша тексеріліп, Петропавлдағы стационарға 14 күнге карантинге жатқызылады. Қалған жолаушылар тұрғылықты жерлеріне жеткізіліп, үй карантиніне алынады.

«Коронавирус инфекциясы Лондон-Петропавл рейсімен келген екі адамнан табылды. Бірі – Канада университетінде оқыған 20 жастағы бойжеткен студент, екіншісі – 40 жастағы әйел. Екеуі де Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары. Қазір олар Петропавлдағы қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатыр. Жағдайы жақсы, тиісті ем алуда», – деді Руслан Әлішев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир