«Асыл арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды
Almaty.tv
Қазір онда шамамен 22 мың адам тұрып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Асыл арман» тұрғын үй кешені карантинге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір онда шамамен 22 мың адам тұрып жатыр. Тұрғын үй кешені аумағында дәрігерлік амбулатория ұйымдастырылып, медицина мамандары тұрғындардың денсаулығын қадағалайтын болады. Естеріңізде болса, 28 наурызда «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің бір кіреберісінде инфекция жұқтырған адам табылған соң, карантин енгізілген еді. Ал, 1 сәуір күні тағы бір адамнан COVID-19 инфекциясы анықталғандықтан, бүкіл тұрғын үй кешенін, полиция мен әскерилер қоршауға алды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Терезедегі қауіпсіздік: ата-аналар назар аударуы тиіс бес жайт
04.11.2026 10:58