Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 28 қыркүйек сағат 00.00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте құжатта карантин шектеулерінде бірқатар жеңілдетулер бар. Мысалы, демалыс күндері тек азық-түлік емес, ашық ауада жұмыс істейтін киім-кешек базарларына 06.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат енгізіледі.
SPA-орталықтарға, сұлулық салондарына, шаштараздарға 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері жұмыс шектеледі.
09.00-ден 21.00-ге дейін моншаларға жұмыс істеуге рұқсат етілді, демалыс және мереке күндері сауналар жұмыс істей алмайды.
Қоғамдық көлік жұмыс және сенбі күндері 07.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.