Қызылорда облысында өткен тәулікте 25 адам індет жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бүгінде өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 371 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомсвтоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Вирусты жұқтырғандардың 10-ы Қызылорда қаласының, 10-ы ‒ Арал, 1-еуі ‒ Шиелі, 2-еуі ‒ Жаңақорған, 1-еуі ‒ Қазалы аудандарының және тағы 1-еуі Шымкент қаласының тұрғындары. Олардың арасында ең үлкені 1942 жылғы әйел адам.

«ПТР анализдері 17 науқастан ауру жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болуына байланысты, 3 адамнан скринингтеу кезінде, 2 адамнан Алматы, Шымкент қалаларынан келуіне байланысты, 1 адамнан ЖРВИ белгілерінің болуы бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 1 адамнан провизорлық стационарда алынған. Тағы 1 адам өз қалауымен ПТР талдауына сынама тапсырған», - делінген хабарламада.

Зертханалық зерттеу қорытындысы аталған азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда пациенттер ауруханаға оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында мамандар індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырып, олармен қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

Бүгінде Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 371 адам тіркелген, олардың ішінде 233-і жазылып шыққан. 


Новости партнеров