Алматыда 7922 кіреберіс пен 1311 аулаға дезинфекция жүргізілді

yandex.kz
yandex.kz
Жұмысқа 450 адамы бар 64 бригада тартылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2020 жылдың 19 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындар дезинфекциялық жұмыстары жария етілді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кіреберістер мен аулалар бойынша 18 мамырға жоспарланған 7922 кіреберіс (2837 үйде) және 1311 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 452 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75 800 литр дайын ерітінді қолданылған.

19 мамыр жоспар бойынша 2984 үйдің 8264 кіреберісі залалсыздандырылды.

Жұмысқа 450 адамы бар 64 бригада тартылды.

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 18 мамыр күні 5 123 мың шаршы метр көше, оның ішінде 658 сауда нысандарының, 75 медициналық мекемелерінің, 6 қызмет көрсету нысандарының  (Алатау ауданы– 59, Алмалы ауданы – 119, Әуезов ауданы – 55, Бостандық ауданы – 22, Жетісу ауданы – 85, Медеу ауданы – 94, Наурызбай ауданы – 68, Турксіб ауданы - 278) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 744 мың шаршы метр тротуарлар және 1164 басқа да нысандар, 163 контейнерлік алаң мен 805 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, әлеуметтік маңызы бар нысандар (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:

– 149 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);

– 1198 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор) жұмылдырылды.

540 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 19 094 мың литр ерітінді қолданылған). 

Сонымен 434 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады.

19 мамыр күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр), жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарда дезинфекциялау мүмкін емес.

Санитарлық тазарту жоспарлы түрде жүргізіледі, адамдар мен техниканың шығуы:

– 154 бірлік арнайы техника;

– 346 жол жұмысшысы;

– 2540 дана құм бар қап ыдыс;

– 24 бірлік мотопомпа.

Новости партнеров