Қазақстанда коронавирус бір тәулікте 8 адамнан анықталды

15.05.2022 в 20:30

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті

bugin.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР арқылы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Алматы қаласында - 4 адамнан вирус анықталды.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 644 жетті.

Сонымен қатар Қазақстанда 149 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Кешегі мәлімет бойынша, бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды.