Аурудың асқынуынан 76 017 адам қайтыс болған
Оңтүстік Африкада алғаш рет тіркелген коронавирустық инфекцияның тағы бір штаммы алты мемлекетке тараған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Британиялық ғалымдар алғаш тіркеген коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің 41 елінде және аумағында анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) апта сайынғы есебінде (28 желтоқсан - 3 қаңтар) 6 қаңтарда жарияланды.
«5 қаңтардағы жағдай бойынша, Ұлыбританияда алғаш рет анықталған VOC-202012/01 коронавирусының жаңа түрі ДДСҰ-ның алты аймағының бесеуіндегі тағы 40 штатта/территорияда/аудандарда аз мөлшерде анықталды», – деді есеп авторлары.
Олардың айтуынша, Оңтүстік Африкада алғаш рет тіркелген коронавирустық инфекцияның тағы бір штаммы – 501Ү.V2 түрі алты мемлекетке енген.
ДДСҰ-ның хабарлауынша, жеті күн ішінде әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 4,04 миллионға артты. Аурудың асқынуынан 76 017 адам қайтыс болған. Бірінші орында Солтүстік және Оңтүстік Америка (1,9 миллион жағдай), екінші орында - Еуропа (1,6 миллион), үшінші орында - Оңтүстік-Шығыс Азия (208,6 мың) тұр.
Алайда өлім-жітім дерегі бойынша Еуропа көш басында, оның аумағында 32,9 мың өлім жағдайы тіркелген. Екінші орында - Солтүстік және Оңтүстік Америка (32,3 мың), үшінші орында - Оңтүстік-Шығыс Азия (3756).