Чехияда пандемия туралы заң қабылданбақ
Әлемдегі ахуал. Моңғолия билігі Ұлан-Батордағы шектеулерді 25 сәуірге дейін күшейтеді. Карантин талаптарына сәйкес, тұрғындардың үйден бей-берекет шығуына тыйым салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тек медициналық көмек сияқты маңызды себептермен немесе тамақ, дәрі сатып алу үшін шығуға болады. Сондай-ақ, кинотеарлар мен фитнес залдары, ресторандар қызметтерін тоқтатады. Ал халықаралық сапарларға тосқауыл 1 мамырға дейін жалғасады. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін Чехияда пандемия туралы заң қабылданбақ. Құжат эпидемиологиялық шараларды бұзғандар үшін қатаң шаралар қолдануды көздейді. Айыппұл сомасы 1 миллион кронға дейін барады, біздің валютаға шаққанда 20 миллион теңгеге жуық. Ал, бетперде тақпағандарға 30 мың крон айыппұл салынады, ол дегеніміз 600 мың теңгеге жуық.