Коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтанда коронавирус салдарынан қала шекаралары жабылып, 6 қадағалау бекеті орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының алдын-алу шаралары күшейтілді. Қалаға кіретін қақпалар жабылып, азаматтарға көлік қозғалысының тәртібі түсіндіріліп жатыр.
Нұр-Сұлтанда қала шекаралары жабылып, 6 қадағалау бекеті орнатылды. Олар: Талапкер, Қараөткел, Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан –Петропавл автожолы учаскесі мен Нұр-Сұлтан – Нұра-Теміртау жолдары.
Әзірше ауыл тұрғындары елордаға арнайы бекет арқылы тіркеліп кіргізіліп жатыр. Ал 22 наурыздан бастап кіріп-шығуға толық шектеу қойылып, тек азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететіндер ғана кіре алады. Жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары қалаға ену үшін жұмыс орнынан анықтама алуы қажет. Бекеттерде бақылау аймақтары, палаткалар, тамақ қабылдау және қызмет көрсету пункттері бар. Сондай-ақ, қалада жедел штаб жұмыс атқарып, жергілікті билік азаматтарды себепсіз үйден шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.