Түркия ел билігі COVID-19-ға қарсы жариялаған шектеу шараларын жеңілдетуді көздеп отыр. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоған Министрлер кабинеті мәжілісінің қорытындысына байланысты өткізген телеүндеуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарақа сілтеме жасап.
Режеп Тайип Эрдоған биліктің коронавируспен күреске қарсы енгізген бірқатар шектеу шараларының жеңілдетілетіндігін айтты. Оның сөзінше, ертеңнен бастап, жексенбіні есепке алмағанда, кафетерий, кафе, шәйханалар, ойын-сауық парктері мен осы сияқты өзге де бірқатар нысандар таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді.
Бұл ретте ол маусым айында үйден шығуға байланысты шектеу сенбі мен өзге күндері сағат 22:00-ден кешкі 05:00-ге дейін күшінде болалытынын жеткізді. Жексенбі күні толық локдаун сақталады. Осыған дейін коменданттық сағат жәй күндері 21:00-ден таңғы 5-ке дейін енгізілген болатын. Бұған қоса, Режеп Тайип Ердоған Түркияның 2021 жылы коронавирусқа қарсы өзінің жаңа вакцинасын шығаруды көздеп отырғанын айтты. Айта кетейік, Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілді.