Шетелден ұшып келген 500-ге жуық қазақстандықтың ПТР анықтамасы жоқ

07.02.2021 в 17:34

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301

6 ақпанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

2021 жылғы 6 ақпанда ҚазақстанғаГермания, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді.  2 099 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 615 адам, анықтамасыз 484 ҚР азаматтары келді. 

Оның ішінде: 

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 350 жолаушы, анықтамамен - 1 049, анықтамасыз - 301; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 431 жолаушы, анықтамамен - 355; анықтамасыз - 76; 

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 232 жолаушы, анықтамамен - 125; анықтамасыз - 107; 

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 86 жолаушы анықтамамен келген. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.