Алматы облысында карантинге қарамастан той өткізген мейрамханалар анықталды

18.08.2021 17:37

Қазіргі таңда анықталған деректерге қатысты материалдар Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды

polisia.kz

Алматы облысының полицейлері карантинге қарамастан той жасап жатқан мейрамханаларды анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еліміздегі коронавирусқа байланысты Қарасай ауданының тәртіп сақшылары мен әкімідік өкілдерінен құрылған мобильді топ аудан аумағында орналасқан кафе-мейрамханаларға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында Қарасай ауданында орналасқан мейрамханалар бірінің карантиндік талаптарды сақтамай той өткізіп жатқаны анықталды.

Қазіргі таңда анықталған деректерге қатысты материалдар Қарасай ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.