«Омикрон» штамының таралу қаупі жоғары – дәрігер

24.12.2021 17:38
Фото: ашық дереккөзден

Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург омикрон штамы «дельтаға» қарағанда әлдеқайда тез таралатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Бүгінде біздегі алдын ала мәліметке сүйенсек, омикрон штамы аса қауіпті, вирулентті деп айтудың қажеті жоқ. Оның жұқпалы екені басқа мәселе, яғни халық арасында әлдеқайда тез таралады»,  деді Гинцбург.

Ол омикронға байланысты, әсіресе вакцина алмағандар арасында жұқтыру саны өте жоғары көрсеткішке жетуі мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин омикрон толқыны сөзсіз болатынын айтып, алматылықтарды екпе алуға шақырған еді.