Қапшағай карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады

23.07.2020 в 17:45

Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылады

youtube.com

Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Санитарлық-курорттық нысандардың, демалыс үйлерінің, демалыс орындарының жұмысы 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатылсын. Демалыс орталығына кіреберіс жерде мобильді бекеттер орнатылсын», – делінген Алматы облысы санитар дәрігерінің міндетін атқарушысының қаулысында.