Атырау облысында 49 адам коронавирусқа шалдыққан

10.02.2021 17:49

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 95 адам емделіп шыққан

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында 49 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 49 адам қауіпті вирусқа шалдыққан. 

«Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 32 жұмысшысы, Атырау қаласының 10 тұрғыны бар. 

Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 6, Махамбет ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталды. Оның ішінде 10 адамда инфекцияның симптомды түрі бар», – деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі. 

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 95 адам емделіп шыққан. Қазір үй жағдайында 276 адам емделіп жатыр. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 72, аудандардағы стационарларда 25, Теңіз кенішіндегі стационарда 377 адам оқшауланған. 

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Атырау облысы «жасыл» аймаққа шыққан еді.