Қарағанды облысында коронавирус індетінен тағы бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сoronavirus2020.kz мәліметіне сенсек, марқұм 1958 жылы дүниеге келген.
Шахтинск қаласының тұрғыны 5 сәуір күні пневмония диагнозымен провизорлық госпитальге түскен.
«14 сәуірде ҰМКО шешімі бойынша расталған СОVID-19 диагнозымен Нұр-Сұлтан қаласына ауыстырылды. Екіжақты пневмония ауыр өткен. Науқас 19 тәулік бойы ем алған. Алайда, дәрігерлердің күш салуына қарамастан, 3 мамырда қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясынан барлығы 26 адам қайтыс болды:
Нұр-Сұлтан қаласы – 3
Алматы қаласы – 8
Шымкент қаласы – 4
Ақмола облысы – 4
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Қарағанды облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Түркістан облысы – 1 адам.
Айта кетсек, республика бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 3877 адамға жетті. Жазылып шыққандар саны – 995 адам.