Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 68-ге жетті

24.03.2020 17:50

Нұр-Сұлтанда тағы 1 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Руслан Пряников

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус індетін жұқтырған тағы бір адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Дәл қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында – 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы еліміз бойынша 68 науқас тіркелді», – делінген сайт мәліметінде.