Бекшин Алматыда «үнді» штаммының табылғанын растады

23.06.2021 17:50

Жаңадан анықталған инфекцияны толық зерттеу үшін әлі де қосымша уақыт қажет

inform.kz

Алматыда коронавирустың «үнді» штаммы анықталды. Бұл ақпаратты Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кеше кешке коронавирустың «үнді» штаммының анықтадық. Бүгін біз екінші мәрте мутацияланатын «дельта штаммының» айналымда бар екеніне көз жеткіздік» деді Бекшин.

Бұған дейін Алматы қаласының санитар-эпидемиологиялық бақылау департаменті үнді штаммы айналымда болуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Жаңадан анықталған инфекцияны толық зерттеу үшін әлі де қосымша уақыт қажет