|
03.07.2020 | 12:50
4270

Пневмониясы бар кей науқастарда ПТР-тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін – А. Есмағамбетова

Өйткені жоғарғы тыныс алу жолдарындағы коронавирус инфекциясы төменгі тыныс алу жолдарына түседі

Пневмониясы бар кей науқастарда ПТР-тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін – А. Есмағамбетова РБК

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова пневмониясы бар кей науқастарда неге коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсетуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Соңғы уақытта пневмония диагнозы қойылған науқастарды ПТР-зерттеу кезінде тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс шығатынын байқап жүрміз. Олай болуы мүмкін, өйткені жоғарғы тыныс алу жолдарындағы коронавирус инфекциясы төменгі тыныс алу жолдарына түседі, сол кезде ПТР оң нәтиже көрсете бермейді», – деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде.

Тесттердің немесе жүргізілетін зертханалық зерттеулердің сапасы жайлы айта келе, ол Қазақстанда Ұлттық референс-зертхана бар екенін түсіндірді, жүргізілген зерттеулердің сапасын тексеру үшін COVID-19-ға сараптама жасайтын барлық зертхана меншік нысанына қарамастан өз сынамаларының бір бөлігін міндетті түрде осы референс-зертханаға жібереді.

«Бүгінде бізде тестілер дұрыс емес немесе зерттеулер қандай да бір қателіктермен жүргізіліп жатқанын растайтын мәлімет жоқ», – деп толықтырды ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир