Бір тәулікте 319 адам коронавирус пневмониясына шалдықты

04.09.2021 17:51

Оған қоса 150 адам емделіп шықты

Фото: ашық дереккөзден

Бір тәуліктің ішінде Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 319 жағдайы және 21 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 150 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

2020 жылғы 13 наурыздан барлығы: ауырғандар - 70927, 4542 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны - 58946.