Ірі сауда орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылды

16.03.2020 17:51

Нан және басқа да кондитерлік өнімдер тек қаптамада сатылуы қажет

keste.kz

Ірі сауда орталықтарының жұмыс уақыты қысқартылды. Бұл туралы еліміздің Сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Онда ірі сауда орындарының жұмыс уақыты таңғы сағат 10:00 мен 18:00 аралығына дейін, ал азық-түлік базарларынан өзге базарлардың уақыты 11:00 мен 17:00 аралығына дейін шектелді. Нан және басқа да кондитерлік өнімдер тек қаптамада сатылу қажет. Сондай-ақ, халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында барлық сауда орындарында санитарлық және дезинфекция шаралары күшейтіледі.