Алматыда коронавирустың «британдық штамы» 32 адамда расталды – Б. Сағынтаев

 Алматыда коронавирустың «британдық штамы» 32 адамда расталды – Б. Сағынтаев
Коронавирустың мутацияланған түрі Алматыда да тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте қала әкімі Б. Сағынтаев қалада коронавирустың "британдық штамының" 32 адамда расталғанын атты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қаладағы үздік зертханалардың бірімен келісіп британдық штамды табу үшін зерттеу жүргізіп жатырмыз. Оның реактиві басқаша болады, күнделікті ПТР-ге алып жүрген реактив емес.  Арнайы сол штаммды табуға арналған. Ол бойынша 40 реактив әкелінді, соның 32-сі немесе 78%-де британдық штам көрсетілді»,  – деді қала әкімі.

Еске сала кетейік, эпидемия басталғалы бері Алматыда инфекция жұқтырған  35193 адам тіркелген, оның 24 012-де ауру белгілері бар. Қала әкім онлайн-брифингте жаңа штамдар ауру санының өсіміне әкеліп отырғанын айтқан еді. 

Новости партнеров