Шымкентте бір тәулікте 77 адамнан коронавирус анықталды
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 77 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 77 адамнан COVID-19 диагнозы табылды: олардың 3-уі Атырау облысынан келген, 2-уі халықаралық жүк тасымалының көлік жүргізушісі, 4-еуі вирусты жұқтырған адамдармен жақын қарым-қатынаста болғандар ретінде бақылауға алынған, 68-і скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше, барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.