Бір облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді

09.12.2021 17:53

Қалған 11 өңір мен тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр

inform.kz

Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда Ақмола облысы "қызыл" аймақта" тұр, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.

"Сары" аймақта 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Қалған 11 өңір мен тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Цойдың айтуынша, республикада соңғы екі апта ішінде вирус жұқтыру деңгейі 28%-ке төмендеген.