Коронавирус тіркелген жағдайда, оқыту процесі қашықтықтан оқыту форматына көшеді
Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағанға байланысты болып отыр. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осылайша оқушылар демалысқа бұрынғыдай 21 наурыздан емес, 16-ынан бастап шығады. Коронавирус тіркелген жағдайда, оқыту процесі қашықтықтан оқыту форматына көшеді.
Бұдан бөлек, баспасөз мәслихатында елімізде барлық қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатыны айтылды. Ал адам көп шоғырланған орындарда арнайы жуу мен өңдеу заттары қойылуы тиіс делінді брифингте.