Нұр-Сұлтанда 92 жастағы қария коронавирустан жазылды
Фото:elements.envato.com
Елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 5 мамырда 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда 16 сәуірден бастап стационарлық ем алған 92 жастағы науқас коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кейуана дәрігерлерге көрсетілген медициналық көмек пен күтім үшін алғыс айтып, денсаулық тіледі.
«5 мамырда елордалық жұқпалы аурулар стационарларынан 20 науқас, 6 мамырда тағы 10 науқас шығарылды. Елордада коронавирусқа шалдыққан адам саны – 768. Олардың 333-і індеттен сауықты», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
26.10.2026 17:15
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05