Нұр-Сұлтанға ұшып келген Ресей елшілігі қызметкерінен коронавирус анықталды

13.11.2020 17:54

Қазіргі уақытта шетел азаматы 14 күндік карантинге жатқызылған

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанға ұшып келген Ресей Федерациясының елшілігі қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері Нұр-Сұлтанға ұшып келгеннен кейін ПТР-тест әдістемесімен тексерілді. Тексеру нәтижесінде Ресей азаматынан коронавирус инфекциясы анықталды», – дейді Сәдуақас Байғабылов. 

Оның айтуынша қазіргі уақытта шетел азаматы 14 күндік карантинге жатқызылған. 

«Өзі толтырған анкетада ол Ресей азаматы екенін және сол елдің Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтінін, Қазақстандағы РФ елшілігіне келгенін көрсетті», – дейді Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.