Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы COVID-19 жұқтырды

20.10.2020 17:55

Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда

inform.kz

Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кенішінің 9 жұмысшысы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды. 

«Қауіпті індетке шалдыққандардың біреуі Атырау қаласынан. Ал 9 науқас - Теңіз кенішінің жұмысшылары. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 133 науқас үй жағдайында ем қабылдауда», – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.