Үндістандағы коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай күн санап өршіп барады. Мұнда күн сайын жүз мыңнан астам адам індетті жұқтыруда. Денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түсіп, ауруханаларда орын мен оттегі, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы орын алуда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы уақытта Үндістанда жұқтырған адамдардың күн сайынғы өсімі рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Төртінші күн қатарынан вирус жұқтырғандар саны - 350 мыңға жеткен. Нью-Делиде әр төрт минут сайын бір тұрғын COVID-19-дан қайтыс болады. Жалпы, онда күн сайын екі мыңға жуық өлім тіркелуде. Билік вакциналардың басқа штаттарға экспортын тоқтата тұратынын жариялады. Ал Еуропалық Одақ пен АҚШ елге гуманитарлық көмек жіберуге уәде берді.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Нью-Делиде әрбір төрт минут сайын бір адам коронавирустан көз жұмады екен. Ал жалпы алғанда бір күнде екі мың адам індеттің құрбанына айналуда.
Көптеген науқастар дәрігерлерге жету үшін алыс жол жүріп, сағаттап аурухана алдында отыруға мәжбүр. Ел астанасы Делидің өзіндегі жансақтау бөлімдерінде 5000 жуық төсек-орын тапшы.
Елдегі эпидемиолгиялық ахуалдың ушығуына екі рет мутацияланған коронавирустың түрі ықпал етуде. Сол себепті де кейбір мемлекеттер үндістандықтардың елге келуіне шектеу қойған.
Ал Түркиядағы жағдай одан кем түспейді. Бүгін мұнда үш күнге созылған коменданттық сағат аяқталды. Билік осы демалыс күндері де мұндай қатаң шараларды қабылдауы керек екенін жоққа шығармайды. Республикада аурудың күн сайынғы өсімі 63 мыңнан асты