Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирусты 41 адам жұқтырған

07.04.2020 17:57

Елімізде COVID-19 расталған 670 жағдай тіркелді

Иллюстративное фото (twitter.com/ChuBailiang)

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирусты 41 адам жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, елімізде COVID-19 расталған  670 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 222 адам, Алматы қаласында 119 адам анықталды. Еліміздің басқа да өңірлерінде сандар көңіл қуантпайды. Аймақ арасында Қызылорда облысы көш бастап тұр. 54 адам тіркелді. Шымкентте - 19, Ақмолада 42, Алматы облысында 10 жағдай расталды. Батыс аймағы Ақтөбеде -11 адам, Атырауда 32, Орал қаласында 2, ал Маңғыстау облысында 5 науқас емделіп жатыр.  Шығыс Қазақстанда 6, Жамбыл облысында 40 адам, Қарағандыда 48 науқас бар. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны бойынша Қостанай мен Павлодарда ең төменгі көрсеткіш. Онда бір-бір адамнан тіркелген. Солтүстік Қазақстан облысында 25 адам болса, Түркістан облысында 33 жағдай расталды. Аурудан құлан таза айығып жатқандар да жоқ емес. Өткен тәуліктегі ақпаратпен салыстырғанда Нұр-Сұлтан мен Солтүстік Қазақстан облысында бір-бір адамнан жазылып шықты. Айыққандар саны 46-ға жетті. Қазақстанда әлемді жайлаған дерттен 6 адам көз жұмды.

СОҢҒЫ МӘЛІМЕТТЕР

Расталған жағдай: 670

Нұр-Сұлтан қаласы - 222

Алматы қаласы - 119

Шымкент қаласы - 19

Ақмола облысы - 42

Ақтөбе облысы - 11

Алматы облысы - 10

Атырау облысы - 32

Шығыс Қазақстан облысы - 6

Жамбыл облысы - 40

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 48

Қостанай облысы - 1

Қызылорда облысы - 54

Маңғыстау облысы - 5

Павлодар облысы - 1

Солтүстік Қазақстан облысы - 25

Түркістан облысы - 33

Жазылып шыққандар: 46

Нұр-Сұлтан қаласы - 24

Алматы қаласы - 21

Солтүстік Қазақстан облысы - 1

Қайтыс болғандар: 6

Нұр-Сұлтан қаласы - 1

Шымкент қаласы - 1

Ақмола облысы - 2

Қарағанды облысы - 1

Түркістан облысы - 1