«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары тұр
Коронавирусқа қатысты өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
3 мамырдағы мәлімет бойынша: «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Жамбыл, Алматы облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.