Адам ерте қартаяды – коронавирустың тағы бір қауіпті әсері белгілі болды

nao24.ru
nao24.ru
Бұл туралы ресейлік невролог Еркін Шамсиев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавирус адам ағзасына түскеннен кейін ерте қартаю процесін үдетеді. Бұл туралы ресейлік невролог Еркін Шамсиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясы адам ағзасына түскенде өкпе тромбозынан бөлек басқа да жағымсыз процестерді қоздыра алады. Мәселен, ерте қартаю бар. Себебі ауруға шалдыққан адам қатты күйзеліске түседі. Қорқыныш пен фобия пайда болады. Адам моральды тұрғыда қатты шаршайды. Оған қоса, вирустың адам ағзасына тигізетін табиғи әсері бар», –дейді Шамсиев

Оның айтуынша, өкпе зақымданғанда адам ағзасында газ алмасу процесі бұзылады. Содан миға оттегі дұрыс бармайды. Ал коронавируспен ауырып шыққан адамдар энцефалопатияға жиі шағымданады. Ондайда дистофияның салдарынан мидың тіні өзгереді. Содан мидың жұмысы бұзылады.  

«Мысалы ковид орталықтарына түсетін науқастардың көбісі басы ауырып, жөтел қысатынын, иіс сезбей қалатынын айтады. Ал иіс сезу қабілеті неге жоғалады? Себебі оған бірінші бас-ми жүйкесі жауап береді. Ол мида орналасқан», – деп атап өтті ресейлік невропатолог.

Коронавирустан кейін ерте қартаю процесін тоқтатуға болады. Ол үшін өмір сүру сапасын барынша жақсарту қажет. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтанған жөн. Жүйке жүйесіне де көп салмақ түсірмеу керек.

«Жүзумен, спортпен, фитнеспен айналысу қажет. Сосын дұрыс тамақтанып, артық салмақтан құтылған жөн. Таза ауада жүрген пайдалы. Темекі мен алкогольден бас тартқаныңыз дұрыс. Ал авитаминоз болса, көкөніс пен жемістерді көп жеу керек. Адам өз күшімен иммунитетті қалпына келтіруге тиіс. Сонда ерте қартаюға апаратын процесті тоқтатуға болады», – дейді Шамсиев.

Новости партнеров