Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған 11 жағдай тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Науқас 1979 жылы дүниеге келген», - делінген coronavirus2020.kz сайтында.
Елімізде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті: Нұр-Сұлтан қаласында – 1 Алматы қаласында – 2 Шымкент қаласында – 1 Ақмола облысында – 3 Шығыс Қазақстан облысында – 1 Қарағанды облысында – 1 Павлодар облысында – 1 Түркістан облысында – 1 Індеттен барлығы 99 адам айықты. 13 сәуір күнгі соңғы мәлімет бойынша, сырқаттар саны 973 адамды құрады.