Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 4 адам қайтыс болды

19.09.2020 18:30

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 684 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр

Reuters

19 қыркүйектегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 684 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 39 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр. 1 681 адам амбулаториялық жағдайда ем қабылдайды.

Жалпы науқастардың арасында 102 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 16 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр. 4 адам қайтыс болды.