|
Коронавирус
25.02.2020 | 17:17

Diamond Princess лайнерінен елге келгендердің дені сау – Елжан Біртанов

Жапония тарапы олардың ұшаққа мінуіне ешқандай қарсылық білдірмеген

Diamond Princess лайнерінен елге келгендердің дені сау – Елжан Біртанов informburo.kz

Жапониядағы лайнерде болған 4 отандасымызбен бірге Токиодан ұшып келген 8 экипаж мүшесі мен 8 жолаушы да карантинде. Олардың бәрі оқшауланып, жіті тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Шынында да, біз бұл мәселе бойынша ақпарат алып жатырмыз. Өкінішке қарай, сондай жағдай болып қалды. Денсаулық сақтау министрлігі аталған азаматтардан кешірім сұрайды.  Бұл шешімді қабылдайтын кезде бізде уақыт болған жоқ», – Денсаулық сақтау министрі деді Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, қазақстандық 4 азамат елге келе жатқан рейстік ұшаққа билет алған.

«Бұл – олардың құқығы, қолдарында тиісті құжаттары, медициналық құжаты бар. Олар – дені сау адамдар. Сонымен, Жапония тарапы олардың ұшаққа мінуіне ешқандай қарсылық білдірмеген. Біздің дипломатиялық қызметтер олармен тікелей байланыста болды. Бірақ сол ұшақ бері шыққаннан кейін біз осындай шешім қабылдадық. Әрине, ыңғайсыз жағдай болып отыр. Біз бүгін тағы да бұл мәселені қарастырдық. Бүгін үшінші рет тағы да тест аламыз. Үшінші тес дұрыс болса, әрі қарай шешім қабылдаймыз. Қосымша ақпарат береміз», – деді министр.

‡агрузка...