Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған
Алматы облысының Жаркент қаласында COVID-19 инфекциясының бір жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эпидемиологиялық тексеру барысында 1989 жылы туған азаматтан КВИ анықталған. Осыған байланысты Панфилов аудандық бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен Жаркент қаласы 30 сәуір сағат 00.00-ден бастап карантинге жабылды. Пациент Шелек ауылындағы аудандық ауруханасына жатқызылды.
Оның 15 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы Панфилов аудандық ауруханасының провизорлық бөліміне карантинге алынды. Эпидемиологиялық тексерулер жалғасып жатыр.