COVID-19: «Дельта» штаммының жаңа симптомы анықталды

26.08.2021 в 18:02

Дәрігерлердің айтуынша, құлақтың ауыра бастауы індеттің жаңа симптомы

Аз уақыт ішінде кең таралып үлгерген «дельта» штаммының тағы бір симптомы белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, құлақтың ауыра бастауы індеттің жаңа симптомы. Бұл туралы Express басылымы хабарлады.

АҚШ дәрігерлері коронавирустың «дельта» штаммын жұқтырғандарға тән жаңа симптом пайда болғанын анықтады. Олардың сөзінше, «дельтаны» жұқтырған науқастардың құлағы қатты ауырып, мазасын алған. Дәрігерлер мұны құлақ қалқанының артында коронавирустық инфекцияның іздері бар сұйықтықтың жиналуымен байланыстыруда. Дәрігерлердің сөзіне сенсек, науқастың алдымен тамағы ауыра бастайды, содан кейін құлағы ауырсына бастағанын байқайды.

«Құлақтың ауруы – бұл жалғыз симптом емес. Байқағанымыздай, ол басқа симптомдармен қатар жүреді», – деді доктор Николь Фромманн.

Мамандар құлақтың ауыруы коронавирустың «дельта» немесе «альфа» штаммын жұқтырған науқастарға тән белгілердің бірі дейді.