|
02.02.2021 | 13:02
2217

Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы – Тоқаев

1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды

Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы – Тоқаев ru.egemen.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинаның маңыздылығын айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твиттер парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын. 1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді», – деді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир