Елімізде коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр жағдайда жатыр

elorda.info
elorda.info
Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде коронавирус жұқтырған 306 адам ауыр жағдайда. Ал, олардың ішінде 41 науқастың халі өте ауыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазинов осындай ақпарат берді. Ол науқастарға қандай ем-дом шаралары қолданылып жатқанын айтып берді.

«Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың саны  –  306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына 67 науқас қосылған. Инвозивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 сырқат жатыр. Өзінше демалатын оксигенотерапия алып жатқан сырқаттардың саны  –  106. Өз бетінше демалатын науқастардың саны – 9265 адам», – деді  ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Новости партнеров