14 200 дана бетперде тіккен сотталған азаматтардың еңбектері елеусіз қалмады

03.04.2020 18:05

Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлерінің сотталғандарды патриоттық сезімде тәрбиелеуі өз нәтижесін беріп келеді

polisia.kz

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/9 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандармен барлығы 14 200 дана бірнеше рет қолданылуға жататын бетперде тігілді, деп хабарлайды Polisia.kz.

COVID-19 індетінің алдын алу мен таралуына жол бермеу үшін аталған бетперделер облыстық қылмыстық-атқару жүйесіне, Полиция департаментіне және күзет қызметі басқармасына таратылды. Сотталған азаматтар өз еріктерімен елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын ту ету, тек лауазымды адамдардың ғана жұмысы емес, бұл баршамыздың да азаматтық парызымыз республикамыздағы жарияланған төтенше жағдай кезінде бұл еңбектерін елімізге қосқан үлесіміз деп санайды.

Сотталған азаматтардың елімізде төтенше жағдай кезінде өзгелердің басына түскен қиындықтарын түсініп, азаматтық жауапкершілік танытқаны ИЧ-167/9 мекеме қызметкерлерінің дұрыс жолда жұмыс жүргізіліп жатқандығын көрсетеді.

«Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлерінің сотталғандарды патриоттық сезімде тәрбиелеуі өз нәтижесін беріп келеді. Бұл сотталғандар жазасын өтегеннен кейін біздің қоғамымыздың беделді мүшесі болып, қоғамда өз орнын тауып, мемлекетімізге өз пайдаларын тигізеді деп сенеміз», - дейді өз сөзінде ҚАЖ департаментінің тәрбие бөлімінің аға инспекторы  Сабит Сопиев.

Бетперде тігумен айналысқан 25 сотталғанның еңбектері елеусіз қалмай, еңбекке адал қарағаны үшін әрқайсысына мекеме басшысының бұйрығымен марапаттау шарасы берілді.