4 оқушы ауруды жақын адамдарынан инфекция жұқтырғаны анықталды
Қыркүйек айында Алматыда 7 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Қыркүйек айында мектеп оқушылары арасында КВИ ауруының 7 жағдайы тіркелді, олардың барлығы – қашықтықтан оқитын оқушылар. Сондықтан бұл арада эпидемиялық байланыс жоқ», – деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігі.
Эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. 4 оқушы ауруды жақын адамдарынан инфекция жұқтырғаны анықталды, 2 оқушы ЖРВИ белгілерімен емдеу мекемелерінің көмегіне жүгінген кезде, бір оқушы бронх демікпесімен санаторий-курорттық емделу алдындағы профилактикалық тексеру кезінде анықталды.
Балабақшалардағы балалар арасында қыркүйек айында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары болған жоқ.