Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты
Нұр-Сұлтанда тағы бір науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Бахтияр Макен айтты.
"Өкінішке қарай, сағат 10.40-та 64 жастағы әйел қайтыс болды. Оның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Жағдайы аса ауыр болды, тыныс алдыру аппаратына қосылды, екіжақты пневмониясы асқынды. Ол Ресей Федерациясының азаматшасы",– деді әкімнің орынбасары.