Екпе алғандардың денсаулықтары қалыпты
Атырау облысы бойынша вакцинацияның бірінші күні 135 адам COVID-19-ға қарсы екпе алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
55 адам № 3 қалалық емханада, 70 адам Геолог емханасында және 10 адам № 2 облыстық ауруханада екпе салдырды. Екпе алынғандардың бәрінің жағдайы жақсы. Денсаулықтары қалыпты. Жанама ешқандай әсері байқалған жоқ.
Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 24 алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында халықты вакцинациялау үшін орындар жабдықталған. Оның 15 мемлекеттік ұйымдар, қалғаны – жеке меншік медициналық мекемелер.